
Біз Қазақстанның барлық азаматтары мен ұйымдары үшін интернеттің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қолдаймыз және интернет білім, идеялар, инновациялар және цифрлық экономиканы дамыту үшін платформа болуы тиіс деп санаймыз.
Біз онлайн кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық береміз.
Біз азаматтардың цифрлық құқықтарын, соның ішінде еркін пікір білдіру құқығын және деректердің құпиялылығын қорғауға тырысамыз және интернет кеңістігінде этикалық нормалар мен принциптерді қолдаймыз.
Біз Қазақстанда цифрлық технологиялардың инновациялық дамуына ықпал етеміз және қоғам мен экономиканың дамуына ықпал ететін жаңа цифрлық шешімдерді зерттеуді, әзірлеуді және енгізуді қолдаймыз.
Біз азаматтар, бизнес және мемлекет арасындағы диалог пен ынтымақтастық үшін платформа құрып жатырмыз және көптеген дауыстар мен пікірлерді ескере отырып, теңдестірілген шешімдерге ұмтыламыз.
Біз цифрлық инфрақұрылымды бірлесіп дамыту және инновациялық өсуге жәрдемдесу үшін мемлекетті, бизнесті және қоғамды қоса алғанда, цифрлық экожүйенің қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасаймыз.
Тіркеу
Qazaqstan IGF ашылуы. Форум ұйымдастырушыларының құттықтау сөзі (Space залы)
Сипаттама: Геосаяси жағдайдың тұрақсыздығы жағдайында ашық әрі еркін Интернетке қолжетімділік мәселесі барған сайын маңызды бола түсуде. Онлайн кеңістікті реттеудің жаңа қағидалары қалыптасып, нарыққа жасанды интеллект пен үлкен деректер технологияларына негізделген жаңа өнімдер шығуда. Олар үздіксіз цифрлық өзара іс-қимыл жағдайында азаматтардың құқықтары мен бизнестің мүдделеріне белгілі бір деңгейде әсер етіп, оларды қалыптастырып келеді. Барлық мүдделі тараптардың мүдделерін ескеретін теңгерімді Интернетті басқару ғана цифрлық экономиканы және инновацияларды дамытуға жағдай жасап, сонымен бірге Қазақстандағы адамның цифрлық құқықтарын шектемей, олардың сақталуына кепілдік бере алады. Бұл тәсіл Орталық Азия мен Ауғанстандағы Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік хабтың жұмысына үндеседі. Аталған хаб өңірде тұрақты даму күн тәртібін ілгерілетудің маңызды платформасына айналды.
Спикерлер:
Paulius Vaina, Еуропалық Одақтың «Орталық Азияға арналған байланыстылық» жобасының АКТ саясаты және реттеу компонентінің үйлестірушісі
Сұлтанғазы Керімбаев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің Киберқауіпсіздікті дамыту басқармасының бас сарапшысы
Динара Сейджапарова, БҰҰ-ның Жаһандық шарты (UN Global Compact) Орталық Азиядағы желісінің атқарушы директоры
Ваан Овсепян, RIPE NCC қоғамдық байланыстар және мемлекеттік саясат жөніндегі аға кеңесшісі
Модератор: Руслан Дайырбеков, Eurasian Digital Foundation негізін қалаушы, DRCQ заң фирмасының басқарушы серіктесі
Кофебрейк
Спикерлер:
Мөлдір Өтегенова, MediaNet халықаралық журналистика орталығының жобалар менеджері
Жания Уранкаева, жеке бұқаралық ақпарат құралдарының журналисі, журналистика саласында 2009 жылдан бері жұмыс істейді
Михаил Комиссаров, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директоры
Саракис Дарбинян, RKS Global
Модератор: Гүлмира Биржанова, «Құқықтық медиа орталығы» ҚҚ тең құрылтайшысы, «Media Qoldau» құқықтық қызметінің басшысы
Сипаттама: Қазақстанның цифрлық кеңістігін мемлекетпен қатар онлайн-платформалар да барған сайын көбірек реттеп келеді. Қандай контент қолжетімді болып қалатынын, ал қайсысы жойылатынын кім шешеді? Ал платформа қабылдаған шешім түсініксіз болған немесе оған тиімді түрде шағымдану мүмкін болмаған жағдайда пайдаланушы немесе БАҚ не істей алады? Сессия барысында цифрлық кеңістікті реттеудің жаңа қағидалары, онлайн-платформалармен өзара іс-қимыл және тиімді шағымдану құқығы талқыланады.
Спикерлер:
Ақбөбек Салдырова, «Талдау және ақпарат орталығы» РМК заңсыз интернет контентін құқықтық мониторинг және талдау бөлімінің жетекші сарапшысы
Тимур Джамалдинов, Freedom AI Labs құқықтық мәселелер жөніндегі директоры, Choco компаниялар тобының бас консультанты
Ринат Кисамбиев, Freedom Holding Corp. деректерді қорғау жөніндегі басшысы
Модератор: Руслан Дайырбеков, DRCQ басқарушы серіктесі, Eurasian Digital Foundation негізін қалаушы
Сипаттама: Цифрлық кодекс пен Жасанды интеллект туралы заңның қабылдануы дербес деректерді қорғау саласында жаңа стандарттарды қалыптастырады. Сарапшылар Цифрлық кодекс, дербес деректерді қорғау, жасанды интеллект және ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы заңнама нормаларының кешенді қолданылуын қарастырып, олардың деректерді қорғау институтының трансформациясына тікелей әсерін талдайды.
Спикерлер:
Роман Подопригора, Каспий университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының бұрынғы судьясы
Мөлдір Өтегенова, MediaNet халықаралық журналистика орталығының жобалар менеджері
Евгения Нефедьева, Қазақстанның халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының конституциялық құқық жөніндегі сарапшысы
Модератор: Елжан Қабышев, «Digital Paradigm» қоғамдық қорының негізін қалаушы, «Eurasian Digital Foundation» заң практикасының басшысы
Сипаттама: Сессия 2026 жылдың жазында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының «Байланыс туралы» заңның Интернетті толықтай өшіруге мүмкіндік беретін баптарының конституцияға сәйкестігі мәселесіне байланысты шығарған шешімін талқылауға арналады. Спикерлер ҚР Конституциялық Соты шешімінің мазмұны мен құқықтық салдарын, сондай-ақ Соттың Интернетке қолжетімділік және цифрлық коммуникацияларды шектеу мәселелеріне қатысты ұстанымын қарастырады. Сот берген ұсынымдарға және олардың заңнаманы одан әрі жетілдірудегі маңызына ерекше назар аударылады. Қатысушылар сондай-ақ осы ұсынымдарды іске асыру және ұлттық қауіпсіздік пен азаматтардың цифрлық құқықтары арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету жөніндегі ықтимал қадамдарды талқылайды.
Спикерлер:
Азиза Шужеева, «TechnoWomen» ҮЕҰ Басқарма төрағасы
Альфия Кази, цифрлық заңгер, AI & GovTech Foundation ҚҚ негізін қалаушы
Рустем Бигари, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Басқармасының төрағасы
Аружан Қалдыбек, DODGER жобасының жетекшісі, киберқауіпсіздік зерттеушісі / энтузиасты, «Көрінбейтін периметр: желіңізден тыс жерде не бар?»
Құндыз Тұрабай, ЮНИСЕФ-тің балалардың онлайн қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі ұлттық консультанты
Сипаттама: Сессия балалар мен жасөспірімдердің Интернеттегі қауіпсіздігі және оларды цифрлық ортада қорғаудың ықтимал шараларына арналады. Талқылаудың негізгі тақырыбы — 16 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу туралы заң жобасы. Қатысушылар мұндай реттеудің ықтимал артықшылықтары мен тәуекелдерін, сондай-ақ оны іс жүзінде іске асыру және кәмелетке толмағандардың цифрлық құқықтарын сақтау мәселелерін талқылайды.
Түскі ас
Спикерлер:
Ырысты Жәлілханова, ҚР Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің Жеке деректерді қорғауды дамыту департаментінің басшысы
Артем Романов, Freedom Holding Corp. монополияға қарсы реттеу және ЖИ талаптарын сақтау жөніндегі басшысы
София Ювшанова, UNICEF Multi-country Regional Evaluation Specialist
Евгений Питолин, Heartland өнімдік-технологиялық бюросының негізін қалаушы
Модератор: Дана Утеген, Maqsut Narikbayev University Жоғары құқық мектебінің Teaching Professor-ы, CyberLaw School Qazaqstan үйлестірушісі
Сипаттама: Технологиялардың адамдарға шын мәнінде қызмет етіп, табиғатты қорғаудан бастап экономикалық мәселелерді шешуге дейінгі жаһандық міндеттерді шешуге қалай ықпал ететінін қамтамасыз етуге болады? Сессия барысында ЖИ-ді жауапты пайдалану жөніндегі жаңа халықаралық қағидаттар талқыланып, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін әртүрлі елдердің, сарапшылар мен ұйымдардың күш-жігерін қалай біріктіруге болатыны қарастырылады.
Спикерлер:
Екатерина Смышляева, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты
Константин Пак, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қаржылық технологиялар және инновациялар секторының директоры
Дана Утеген, Maqsut Narikbayev University Adjunct Professor-ы, CyberLaw School Qazaqstan үйлестірушісі
Andrew Beklemishev, International Data Corporation (IDC) компаниясының ТМД аймағы бойынша вице-президенті, IT және телекоммуникация саласындағы сарапшы
Модератор: Елена Бычкова, Narxoz University Associate Professor-ы, PhD, MBA, цифрлық құқық саласының сарапшысы
Со-модератор: Руслан Дайырбеков, Eurasian Digital Foundation негізін қалаушы, DRCQ заң фирмасының басқарушы серіктесі
Сипаттама: «Парламенттік бастама» Глобалдық IGF деңгейінде де, ұлттық IGF алаңдарында да өткізіледі. Қазақстанның Цифрлық кодексі күшіне еніп, цифрлық қатынастар саласындағы заңнаманы дамытудың жаңа кезеңін бастады. Депутат-бастамашы және Кодекс ережелерін әзірлеуге қатысқан азаматтық қоғам өкілдері оның қолданысының алғашқы нәтижелерін, іс жүзінде қолдануға қатысты мәселелерді және цифрлық заңнаманы одан әрі дамыту жоспарларын талқылайды. Цифрлық саясатты қалыптастырудағы Парламент, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың рөліне ерекше назар аударылады.
Спикерлер:
Салтанат Есетова, заң ғылымдарының кандидаты, Q University қауымдастырылған профессоры
Дана Байтуқаева, PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті деканының орынбасары
Эльвира Омурчиева, Кунаев университетінің стратегиялық даму, халықаралық байланыстар және коммерцияландыру жөніндегі проректоры
Модератор: Мадина Есиркепова, Vice Dean for Research, PhD, Austrian Academy of Sciences халықаралық зерттеушісі, SDU Associate Professor-ы
Сипаттама: Цифрлық экономика жасанды интеллект, блокчейн, заттар интернеті, Big Data және басқа да интернет-технологияларды пайдалануға негізделеді. Ол даму мен инновациялар үшін зор мүмкіндіктер ұсынумен қатар, студенттерден, мамандардан және кәсіпкерлерден жаңа дағдылар мен құзыреттерді талап етеді. Цифрлық экономика жағдайында қандай мамандықтарға сұраныс артады? Цифрлық ортада жұмыс істеу үшін адамдарды қалай оқыту және қайта даярлау қажет? Жаңа буын мамандарын даярлауға қандай ресурстар мен платформалар тартылады? Бұл сұрақтарға Qazaqstan IGF сессиясының спикерлері жауап береді.
Спикерлер:
Азамат Қалиев, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің сот-медициналық сараптама бөлімінің бастығы, Экономикалық тергеу қызметінің подполковнигі
Нұрсұлтан Бегенов, Кәсіпкер, Maksi AI Solutions негізін қалаушы
Шахира Хревич, Technology Educator & Blockchain Entrepreneur, Founder, 2× Bitcoin Hackathon Winner
Жасұлан Медетхан, Infrastructure & Strategy, бұрынғы Aztec Labs, DATA Foundation
Модератор: Батырбек Умаров, «BlockchainKZ and AI» блокчейн технологияларын әзірлеушілер мен пайдаланушылар қауымдастығының президенті
Сипаттама: Криптоиндустрия сарапшылары мен тәжірибелі заңгерлер Қазақстандағы криптовалюталардың құқықтық мәртебесін дамыту және Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясы мәселелерін талқылайды. Талқылаудың негізгі тақырыптары — цифрлық активтерді реттеу, пайдаланушылардың құқықтарын қорғау және нарықтағы операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету. Қатысушылар сондай-ақ финтех және блокчейн саласындағы жаңа бастамалардың елдің цифрлық экономикасын тұрақты дамытуға қалай ықпал ете алатынын қарастырады.
Спикерлер:
Жеңімпаз командалардың өкілдері (TBA)
Модератор: Ержан Сүлейменов, тәуелсіз медиа-консультант, PR/GR
Сипаттама: Қазақстандағы Киберқауіпсіздік айлығы аясында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Digital Rights Center Qazaqstan және CyberLaw School ұйымдарымен бірлесіп Privacy Legathon өткізді. Легатонға қатысушылар бірнеше апта бойы дербес деректерді қорғау және киберқауіпсіздік салаларында практикалық Legal Tech шешімдерін әзірледі. Сессия барысында 5 финалист команда өз жобаларын таныстырып, дипломдар табысталады.
Форумның жабылуы. Қорытынды сөз.
Кез-келген сұрақтар бойынша Сіз бізбен igf@igf.kz мекенжайы бойынша байланыса аласыз.