Форум тарихы
ИНТЕРНЕТТІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ФОРУМНЫҢ ТАРИХЫQAZAQSTAN INTERNET GOVERNANCE FORUM
Өткен форумдар
2023 жыл
Ресми танылу және алғашқы қадам
2023 жылға дейін қазақстандық сарапшылар мен белсенділер өңірлік және жаһандық IGF форумдарына спикерлер және қатысушылар ретінде тұрақты түрде қатысып келді. 2023 жылдың басында Қазақстанның азаматтық қоғамы, академиялық ортасы, мемлекеттік органдары, бизнесі және IT-секторы өкілдерінен көптарапты команда құрылды. Команда елдегі ұлттық форумды аккредиттеу үшін Интернетті басқару жөніндегі жаһандық форумның (IGF) Хатшылығына ресми өтініш жолдады.
2023 жылғы 4 шілдеде Интернетті басқару жөніндегі ұлттық Qazaqstan IGF форумы Жаһандық IGF Хатшылығы тарапынан ресми түрде танылып, аккредиттелді.
2023 жылғы 18 қазанда Алматыда (SmArt.Point IT-хабы) алғашқы ұлттық Qazaqstan IGF 2023 форумы өтті. 13 панельдік сессия ұйымдастырылып, олардың қорытындысы бойынша үкіметке, бизнеске және азаматтық қоғамға Интернетті басқаруды жетілдіру, цифрлық құқықтарды қорғау және заңнаманы дамыту жөнінде 100-ден астам ұсыным әзірленді.
2024 жыл
Ауқымды кеңейту және Парламенттік бастама
Екінші Qazaqstan IGF 2024 форумы жұртшылықты кеңінен ақпараттандыруға басымдық берді. Соның нәтижесінде форумға 250-ден астам адам офлайн және 300 тыңдаушы онлайн қатысты. Қатысушылар қатарында БҰҰ-ның Қазақстандағы миссиясының, Эстонияның Астанадағы елшілігінің, ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілдері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, университеттер болды.
2025 жыл
QIGF-тің тұрақты дамуы
Көптарапты консультативтік топ (MAG) тұрақты серіктестер тобын қалыптастырып, ақпараттық команданың, соның ішінде іс-шараның ақпараттық серіктестерінің жұмысын жолға қою арқылы Форумның тұрақты даму моделін құрды. QIGF 2025 форумының негізгі бағыты БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін Интернетті басқару тәсілдерін талқылау болды.
2026 жыл
MAG, серіктестер және әртүрлі мүдделі тараптардың күш-жігерінің арқасында Форум төртінші рет сәтті өтті. Qazaqstan IGF 2026 форумына 150-ден астам адам офлайн қатысты. Олардың арасында Орталық Азиядағы UN Global Compact пен Еуропалық одақ жобаларының өкілдері, Қазақстандағы ЮНИСЕФ мамандары, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Freedom Holding Corp. сарапшылары, RIPE NCC, RKS Global, International Data Corporation халықаралық ұйымдарының, қазақстандық ҮЕҰ-лардың өкілдері, SDU University, NARXOZ University, Maqsut Narikbayev University, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қонаев университеті, Almaty Management University сарапшылары мен студенттері, бизнес және IT-сектор өкілдері және басқа да көптеген қатысушылар болды. Іс-шара сессияларының онлайн-трансляцияларына 300-ден астам адам қосылды.